ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан қаласына арнайы іссапарында бірқатар тарихи орындарды аралап көрді.
Қазіргі Түркістан қаласының түп тарихын зерттеу – тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Қаланың осы кездегі тарихын зерттеу арқылы төл мемлекетіміздің тыныс-тіршілігінің қыр-сырларын тануға болады.
Мұнда ел тағдырын шешкен мәслихаттар өткен, хан сайлаған құрылтайлар болған.
«Күлтөбе» қалашығы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ескерткіштер тізіміндегі Республикалық маңызы бар ескерткіш және Қазақстандағы көне қала орны. Қалашық Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай — 350 метр жерде орналасқан.
Ақтоты Рахметоллақызы Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, бабалар рухына тағзым етті.
Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенесі мен сегіз қырлы сағана, цитадельдің ортағасырлық көшесінде жүргізілетін қайта жаңарту және музейлендіру жұмыстарын пысықтады.
Сонымен қатар, 7 мың орынға шақталған стадион және олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, драма, театр мен кітапхана, «Ұлы дала елі» орталығының да құрылыс жұмыстары және нысандарды білікті кадрлармен толықтыру мәселелері бойынша нақтылады.
© DIDARBEK.kz