Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан облысының туристік әлеуеті Өзбекістан Республикасының Ташкент және Бухара қалаларында таныстырылды

Түркістан облысының туристік әлеуеті Өзбекістан Республикасының Ташкент және Бухара қалаларында таныстырылды

Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Республикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен 2019 жылдың 5-6 тамызында Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.


Іс-шараға туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдары қатысып, Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып Өзбекістан туристік өкілдерінің тарапынан зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде туристік ұйымдар арасында 10-нан астам келісімдерге қол қойылып, бірлескен туристтік маршруттар ұйымдастыруға келісті.
Іс –шара аясында облыс делегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы және Бухара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып бір қатар келісімдерге келді.
Анықтама «Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы 5га аумақта орналасқан 2017 жылы құрылысы басталып 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген. Орталықта 30 астам шеберханалар жұмыс жасауда, негізгі бағыты ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасаумен машықтанған. «Сузук-ота» тарихта Қожа Ахмет Ясауидың ең сұйікті немересі болған.
«Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100 астам шеберлер орналасқан.

Пікір жазу