Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты үйлері жарамсыз күйге түскен тұрғындардың үйлерінің іргетасы қалануда.
Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған 7630 үйдің 3164 де жөндеу жұмыстары өз уақытымен жүріп жатыр. Бұзылып, басынан салынатын үйлер саны көбейіп, 400-ден асты. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қызу үстінде.
Қазіргі таңда Ақынбеков көшесі №124 үй тұрғыны Тоқтыбаев Дәнебектің және Ақынбеков көшесі №125 үй тұрғыны Боранбаев Есеннің төтенше жағдай салдарынан жарамсыз күйге түскен тұрғын үйлерінің орнына жаңа тұрғын үйлерінің іргетасы қалануда.
Сондай-ақ, үйіне снаряд түскен Елетов көшесіндегі №51 үй иесі Божбанбаев Ерболдың үйінің іргетасы толығымен қаланып бітіп, шатыры жабылды.
Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында шахар үлкен құрылыс алаңына айналып, көптеген нысандар мен жеке тұрғын үйлер жаңа кейіпке енуде.
Жуық арада сүйікті Арысымыз өз қалпына келіп, еліміздегі алдыңғы қатарлы аймақтардың біріне айналары сөзсіз.