Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!

Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!

Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығы мен «Жастар Шыңы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шымкенттегі Көркемсурет галереясында «АСТАНА EXPO – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жастар арасында облыстық шығармашылық байқауы өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету және насихаттау, оларға бағыт-бағдар беріп, өмірге деген құштарлығы мен құлшынысын арттыру, қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылған осынау игі шараға шығармашылыққа бейім, бейнелеу өнеріне қызығушылығы жоғары 50-ге жуық жас қатысты.

Үздік деп танылған суретші жастардың туындылары бағалы сыйлықтарды еншіледі. Байқауға қатысушы жастардың барлығы да ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу