Мақтааралда көркейту, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл аудан көшелерін қайта жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты бірнеше жоба қолға алынды.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Мәуленнің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент елдімекені көшелерін абаттандыру жұмыстары басталды. Аудан орталығын көгалдандыру мақсатында түрлі жеміс көшеттері отырғызылып, гүлдер егілді. Екіқабатты мөлтекаудандарда балаларға арналған ойын алаңшаларын салу қолға алынуда.
Ғабит Полатов – Мақтаарал аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы: Мақтаарал ауданы бойынша көріктендіру, абаттандыру жұмыстарын бастап жібердік. Арнайы жасақталған Мырзакентті абаттандыру жұмысы басталды. Өткен апта жұмыстарын бастадық. Бұл жұмыс кезінде осы Мырзакент кентін абаттандыру тротуар салып , аяқ жолдарын жасақтау.
Орталықта биыл 5 көше жарықтандырылатын болады. 5 көшеге тротуар төселеді. 10 спорт алаңшасы салынып, 4 күл-қоқыс контейнері әкелінеді деп жоспарлануда. Бұл жұмыстарға бюджеттен 231 млн 749 мың тенге қарастырылып отыр.