Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Соттар әкімшісі жартыжылдық жұмысын қорытындылады

Соттар әкімшісі жартыжылдық жұмысын қорытындылады

Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов Соттар әкімшісінің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері және мамандары қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкент қалалық сотында өткен Кеңесте Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің 2019 жылдың жартыжылдық жұмысы қорытындыланды.

Жиынды Н.Байтілесов ашып, Соттар әкімшісінің жаңадан тағайындалған кеңсе меңгерушісі Айтолқын Сағадатқызы Омарованы ұжымға таныстырып өтті. Сонымен қатар, басшы қала соттарына келушілер үшін қолайлы жағдай жасау бағыттында бірқатар ауқымды жұмыстардың атқарылғанына тоқталды.

Одан әрі Кеңес барысында Соттар әкімшісі басшысының орынбасары А.Көшеновтің, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Е.Сейтқұловтың, Персоналды басқару бөлімінің басшысы (кадр қызметі) Н.Атаханованың, Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенбидің  және тағы басқалардың баяндамалары тыңдалды.

Бөлім басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша және қалалық, аудандық сот кеңселерін кадрмен қамтамасыз ету, соттардың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен байланысы бойынша ұйымдастыру жұмыстарының жағдайы туралы, соттардың материалдық-техникалық жай-күйі мен қаржы мәселелерін талқылады.

Басшылық тарапынан статистикалық есептіліктің дұрыс жүргізілуіне және ұсынылған мәліметтердің нақтылығына қойылатын талаптар жөнінде айтылды. Сот кеңселерінің басшыларына сот мамандарының қызметтік тәртіпті сақтауын және функционалдық міндеттерін тыңғылықты орындауын бақылау қатаң ескертілді.   Соттар әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов іс-шараны қорытындылай келе жергілікті соттардың жұмыс нәтижелілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерге қызметтерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруға және мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бағытында жыл соңына дейін атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, үздіксіз білім алып, өзін-өзі дамытуға шақырып, оқырмандар және бастамашыл қызметкерлердің инициативаларын ендіру бойынша клубтар құруды тапсырды.

Пікір жазу