Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ӘКІМДІКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МЕН БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ҚАРАЛДЫ

ӘКІМДІКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МЕН БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімдігінде Ерлан Айтахановтың төрағалығымен әкімдіктің аппараттық мәжілісі өтті. Мәжілісте қаладағы қоғамдық саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың соңғы 7 айлық қорытындысы, республикалық бюджеттің орындалу барысы және азаматтардың статустарын өзектендіру мәселелері қаралды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе бойынша сала басшыларының баяндамасын тыңдаған қала әкімі жұмыстарды жүйелендіру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.

Яғни, қаладағы қоғамдық саяси ахуал тұрақтылығын сақтау үшін тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша жауапты мамандардың халықпен кездесуін жиі ұйымдастырып отыруды жүктеді.
Бұған қоса, Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласының даму бағдарламасы аясында 2019 жылға  жоспарланған  индикаторлар  мен   көрсеткіштің орындалуын қамтамасыз етіп, негізгі міндеттердің орындалуы бойынша ай сайын сараптама жүргізіп, қорытындысын  баяндауды тапсырды. Сонымен бірге, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың негізсіз пайда болуына жол бермей,  бюджеттің сапалы атқарылуын қамтамасыз етуді айтты.

Пікір жазу