Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының Қаратау ауданы әкімдігінің активімен кездесуі өтті, деп хабарлайды бұл туралы Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылдың 13 тамызында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының Қаратау ауданы әкімдігінің ұжымымен кездесуі өтті.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық қағидаттарын енгізуге бағытталған.
Кездесу барысында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағали өз сөзінде «Әкімдіктер барлық маңызды әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Халықтың тыныс-тіршілігінің негізгі мәселелері жергілікті атқарушы органдарда шоғырланады және азаматтардың өзекті мәселелерін шешу, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру көбінесе Сіздерге байланысты.
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы, ал адалдық пен сатылмаушылық — мінез-құлық нормасына айналуы тиіс» — деді А.Жұмағали.
Сонымен қатар, іс-шарада жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайы туралы Департамент басшысының бірінші орынбасары Serikbayev Talgar сөз сөйледі.
Жалпы кездесу қызу әрі конструктивті атмосферада өтті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша әкімдік басшылығына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен, кешенді шаралар әзірлеу ұсынылды.