Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

Түркістан облысына келген бір топ шетелдік журналистер, өңірдегі бірқатар тарихи орындарды аралап көрді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Мұнан кейін «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен көне Отырар қалашығын аралап көрді. Арнайы жайылған дастархандағы ұлттық тағамдардан дәм татты.

Шетелдік журналистер аялдаған келесі орын – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі болды. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарының бай тарихымен танысқан баспасөз-турының қатысушылары, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығын да аралап көрді.

Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы саяси және экономикалық оқиғаларды жариялау үшін шетелдік тілшілердің баспасөз- турларын тұрақты түрде ұйымдастырып отырады.

Сонымен қатар, «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде өтіп жатқан бұл төртінші баспасөз туры туризмді дамытуға және жалпы Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға атсалысады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу