Шымкенттегі «Премьера» тұрғынүй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. «Нұртас» шағынауданынан бой көтеріп жатқан бизнес санаттағы үйлерде сіздің қауіпсіздігіңіз толық қамтамасыз етіледі. Баспана нарығында 18 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан компания өз тұтынушыларын тағы да қуантпақ.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р. Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Тапсырыс беруші «Dostyq Invest Group» және мердігер «Оңтүстік құрылыс сервис» компаниясының еліміздің баспана нарығында тәжірибесі мол. 20 жылға жуық уақыт аралықта Нұр — Сұлтан, Алматы мен Шымкент сынды ірі қалаларда көпқабатты үйлер салып келеді. Ал мына «Нұртас» шағынауданында орналасқан «Премьера» тұрғын үй кешені бес қабатты 2 үйден тұрады. 2,3,4 бөлмелі барлығы 40 пәтер болмақ.
Ислам Смаилов – «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС бас инженері: -Қолданып жатқан материалдарымыз қызыл кірпіштен. Дыбыссыз лифттер қойылады. Автономды жылыту жүйесі болады.
2018 жылы маусым айында басталған нысанның құрылысы 10 айда аяқталады деген жоспар бар. Аталған тұрғын үй кешенінің артықшылығы көп. Кірпіштен қаланған үй баспана нарығында жоғары бағаланады.
Ислам Смаилов – «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС бас инженері: Тұрғын үйді толығымен 2020 жылы наурыз айында пайдалануға береміз. Жанға жайлы кешендегі үйді сіз Қазақстанның құрылыс жинақ банкі арқылы алуыңызға болады.
«Премьера» тұрғын үй кешені ұсынған бизнес санаттағы клубтық үйлердің бағасы да қолжетімді болмақ.