Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫСТА БИЫЛ 23 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

ОБЛЫСТА БИЫЛ 23 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Түркістан облысы еліміздегі халық саны көп шоғарланған аймақтардың бірі екендігі белгілі. Ал, халық саннының жоғарылығына қарай білім ошақтарының санын да көбейту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Осы орайда,  Түркістан облысында биыл 23 мектеп пайдалануға берілмек. 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам оқушыға арналаған 184 мектеп салынады деп жоспарлануда.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде. Осы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі. Айтып өтейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і 2017-2018 жылдары салына бастаған.

Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, ата-аналар мен балалардың қуанышына орай жаңа білім ошақтары пайдалануға дер кезінде беріліп жатса, нұр .стіне нұр болар еді.

 

Пікір жазу