Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

Шымкентке Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментінің бастығы А.Сайтбеков арнайы келді. Ол Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары А.Әмзеевпен қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Тайыр Шералиевтың шаңырағына арнайы барды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Дәулетбекқызы ның материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Полиция қызметі қашанда қауіп пен қатерге толы екені рас. Әйтсе де өз міндетіне адал жандар ондай қиындыққа мойымасы анық. Тіпті, қоғам тыныштығы мен азаматтар қауіпсіздігін сақтау барысында басын қатерге тігіп, өмірлерін құрбан еткен қызметкерлер де аз емес. Соның бірі      қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Т.Шералиев. Полиция аға лейтенанты Тайыр Нахыпжанұлының дүниеден озғанына 10 жыл. Осыған орай,  лауазымды тұлғалар    азаматтың ата-анасына құрмет көрсетіп, хал-жағдайынсұрап, атаулы қаржылай сыйлығын табыстады. Ол қызметінде ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған ардақты жан.  Қоғам тыныштығын сақтауда  басын қатерге тіккен мұндай  азаматтың өмірі мен қызметіне адалдығы кейінгі ұрпаққа қашан да үлгі.

Пікір жазу