Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАСТАРЫ ТЕҢІЗ ДЕҢГЕЙІНЕН 2900 МЕТР БИІКТІКТЕГІ ШЫҢДЫ БАҒЫНДЫРДЫ.

ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАСТАРЫ ТЕҢІЗ ДЕҢГЕЙІНЕН 2900 МЕТР БИІКТІКТЕГІ ШЫҢДЫ БАҒЫНДЫРДЫ.

Жастар жылы аясында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Сайрам – Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына қарасты Өгем тауларына саяхат ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ЭКО – туризмді, альпинизмді, «Ұлы даланың жеті қырын», еліміздің киелі орындармен тарихи мекендерді жастар арасында үлкендер үлгісімен кеңінен насихаттау.


Іс-шараға облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Дүйсебеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Серкебаев, облысқа қарасты аудан, қала Жастар ресрустық орталықтарының басшылары және ауданның ерікті, талантты жастары мен жалпы 50-ге тарта жас қатысты.
Облыстық Жастар ресрустық орталығы басшысы Берке Дүйсебеков бастаған бір топ жастар, Өгем тауындағы теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікті көшпенділер ізімен, ат тұяғына салмақ сала отырып бағындырды. Бағындырылған бұл шыңға енді- «ЖАСТАР ШЫҢЫ» атауы берілді, оған қоса қазақы дәстүрмен Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жастар жылының» туы арнайы тігіліп, жастардың байрағы Өгем шыңынан асқақ аспанмен астасқандай көрініске ие болды. Сонымен қатар ту тігілген орынға, арнайы құлпытас орнатылды. «Мақпал көлдің» биігінде орналасқан шыңның аты Түркістан облысы жастарының құрметіне- «ЖАСТАР ШЫҢЫ» болып аталды.

Пікір жазу