Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС, БІЗ БІРГЕМІЗ

АРЫС, БІЗ БІРГЕМІЗ

Арыстық ағайынның басына түскен жағдай өнер майталмандарын да бей-жей қалдырған жоқ. Жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында еліміздің барлық аймағындағы жұлдыздар «Арыс, біз біргеміз» акциясына үн қосуда. Игі шара аясында қиын жағдайға душар болған отандастарымыздың жағдайын көзбен көріп, көмек қолын созды.

Арыстағы төтенше жағдай осы аумақтың тұрғындарын ғана емес, бүкіл Алаш жұртының қабырғасын қайыстырды. Оқиға орын алған күннен бастап, жомарт жандар көмек қолын созуда. Солардың қатарында бір топ өнер майталмандары да бар.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.Сәбит Әбдіхалықов – М. Әуезов атындағы драма театрының директоры: Арыста айдың күнінің аманында болған төтенше жағдай кімді болмасын алаңдатпай қоймады. Мемлекет басшысынан бастап, барлық отандастар түстік өңірге қарай ағылуда. Бізде қолдан келгенше көмектесіп,қиын күнде жандарынан табылайық деп, келдік.

Бұл күні белсенділер арыстық ағайынның қал-жағдайын біліп, барынша қолдау көрсетті. «Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында зардап шеккендердің ауыртпалығын  жеңілдетуге біркісідей атсалысты.

 Асылбек Боранбаев – «ТТТ» театрының директоры: Бауырларымыздың басына түскен жағдайды естіген кезде бізде ерікті топ құрдық. Халықтың қал-жағдайын біліп, көзбен көріп кетейік деген мақсатпен келіп тұрмыз.

Айта кетейік, әскери қоймалардағы жарылыстан жапа шеккендерге мұқым қазақ қамқорлығын көрсетіп жатыр. Республикамыздың әр өңірінен отаншыл және жомарт жүректі азаматтар демеушілік танытуда.

 

Пікір жазу