Біз Арыспен біргеміз! Арыстық ағайынға Облыс орталығының тұрғындары да көмек беріп жатыр. Жойқын жарылыстан зардап шеккендерге кәсіпкерлер тарапынан 20 млн. теңгенің құнымен қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Қайырымдылық қайырлы іс. Түркістандықтар да қайғы жұтқан ағайынның қиыншылығымен ортақтасып, бір аптадан үздіксіз қызмет етіп жатыр. Бірі киім-кешекпен, енді бірі азық-түлікпен көмектесуде.Игі шараның басынан ел сенімін арқалаған азаматтар мен кәсіпкерлер де көрінді.
Көп түкірсе көл. Бебіт күннің аманында қиындықты бастан кешірген арыстықтар жалғыз емес. Жан-жақтан гуманитарлық көмектер ағылып жатыр. Түркістан қаласының атынан 20 тонна ұн, 20 тонна күріш, 20 тонна өсімдік майы, 10 тонна макарон, 5 тонна тұз беріп көмек қолын созды.
Әліпбек Өсербаев — Түркістан қаласының әкімі: Біз өз тарапымыздан зардап шеккен азаматтарға азық-түлік, медициналық көмек көрсетіп, қоғамдық тәртіптерді сақтау мақсатында жұмыстар жасап жатырмыз.
Қазіргі таңда, арыстық азаматтарды үйіне орналастыруға түркістандық 115 азамат аттанды. Ондағы 200-ге жуық адамға 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтып, қолдарынан келген көмегін беріп жатыр.