Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТА АСТЫҚ ТҮСІМІ ЖОҒАРЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА АСТЫҚ ТҮСІМІ ЖОҒАРЫ

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 823 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артық көрсеткіш. Ал, Қазығұрт ауданының диқандары бидайға орақ салып, алғашқы өнімді жауын-шашынға қалдырмаудың қамына кірісті.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқзының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Түркістан облысы бойынша алғашқылардың бірі болып Қазығұрт ауданының шаруалары бидайды жинап алуға кірісті. Қазір біз тұрған «Сапа-2002» ЖШС 200 га алқапқа бидайдің стекловидный 24 сорты еккен. Алдын ала болжам бойынша әр гектарына 30-35 центнер өнім аламыз деп отыр. Ал, жалпы облыс бойынша бұл көрсеткіш 21 центнер болуы мүмкін.

Егіннің бұлай бітік шығуына ауа райының қолайлы болу әсер еткен. Екіншіден  химиялық тыңайтқыш уақытында берілген. Облысымызда  үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 38 мың тонна жанар-жағар майдың дер кезінде берілуі өнім көлемінің артуына сеп болған.

Нұржан Әшіров – «Сапа 2002» ЖШС директоры:  Астық орақ науқанын бастап жібердік. Мол өнімді өз уақытында шашпай-төкпей жинап алуға жұмыс жасаймыз. Енді біз 3 сорт тұқымын алтын масақ, кондитер, шөп сортын көбейтіп, өндіріске қойып, мынау Сарыағаштық ғалымдармен келісімшартқа тұрып, тұқым сапасын жоғары көтеруге жұмыс жасаймыз.

Тұрғынбек Оспанов — Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: Бүгінге дейін Түркістан облысының шаруаларына 33 мың тонна минералды тыңайтқыш берілді. Оған үкіметтен 4.3 млрд теңге қаржы бөлініпті.  Оның 50 пайызы субцидияланады деп жоспарлануда.Осының бәрі мемлекеттің қолдауының арқасы.
Ендігі мақсат астық өнімдерін жауынға қалдырмау. Себебі, өнімнің сапасы мен бағасы төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан, астықтың қамбаға түсуіне салаға жауапты мамандар  мүдделі.

Төлеген Телғараев – Қазығұрт ауданының әкімі:  Біздің ауданғы «Жондер» компаниясы техникаларын көрсетіп жатыр. Заманауи техника. Жалпы ауданда қажет техникалар жеткілікті. 218 комбайн, 27 жаңа, 500 ге жуық доңғалақты техника, трактор бәрі осында қамтылып отыр.

Биыл Түркістан облысының аумағында жаздық дақылдар 510 мың гектарға егілді. Егістікті әртараптандыруға сәйкес, бидай — 175 мың, мақта — 121 мың, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп — 125 мың, майлы дақылдар — 100 мың, дәндік жүгері — 46 мың және жемдік дақылдар 207 мың гектарға отырғызылды.

 

Пікір жазу