Қазақстандық шаруалардың экологиялық таза өнімдері шетелде үлкен сұранысқа ие. Түркістандық диқандар мамыр айынан бастап өнімдерін жан-жаққа экспорттауда. Көктемнің жауын-шашынды болғанына қарамастан аграрлы аймақтың шаруалары биыл бақша дақылдарынан мол өнім алуды көздеп отыр.
Қарбызы мен қауыны тіл үйіретін Мақтаарал ауданында жазғы жиын-терім науқаны қарқынды жүзеге асуда. Жалпы, 61 мың гектардың биыл 11 мыңына бақша өнімдері егілген. Оның негізгісі қарбыз. Бабамұрат Абдурахманов – бақша өнімдерін егуге машықтанған. Талай жылдан бері осы кәсіппен айналысып отырған диқан, қазір «Жұлдыз» деген атпен таралған Амал қауынының алғашқы өнімін жинап жатыр.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Бабамұрат Абдурахманов – диқан: «БАҚ-С» фермерінің иесімін. Сол жерімізге қауын еккен едік. Қауынымыздың аты – «Жұлдыз» Міне, қауынды бірінші рет жұлып, шығарып жатырмыз. Қауынды өздеріңіз көріп жатырсыз, қандай қауын болып жатыр. Қауындарымыз жақсы. Қауынды 3-4 жылдан бері егіп жатырмыз.
Сабағынан жаңа үзілген қауын-қарбыз алдымен сұрыптаудан өтеді. Жолда бұзылмас үшін қатты піскендері бөлек алынады. Онымен ауыл жастары айналысады. Қазіргі уақытта қауынның әр қорабы 1500 теңгеден 2500 теңгеге дейін ал, қарбыз 3000 теңгеден сатылуда.
Бабамұрат Абдурахманов – диқан: Қауынның түрлері көп. Оның түрлерін айтсақ: Аэропорт деген қауындар бар, бұрынғы Мырзашөлді сол әр түрлі Валет деген де , Аэропорт деген де сорттары бар. Бұл «Жұлдыз» деген қызыл қауын болады. Тағы бір қауындарымыз бар «Бакинка» деген домалақтап, қызылдау келген.
Кәсібімен берекесі артқан мақтааралдық шаруалардың ісі көпке үлгі. Науқан кезінде аудан тұрғындары өнімнің негізгі бөлігін экспортқа жібереді. Соның арқасында шетел нарығына шығып, алынатын табыс молая түсті.