Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ГРЭПЛИНГТЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК

ГРЭПЛИНГТЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК

Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалармен жасөспірімдер мектебінің ашылғанына биыл 1 жыл. Спорт мекемесі аз ғана уақыттың ішінде толайым табыстарға жетіп, жастардың салауатты өмір сүруіне жол ашты. Жастар жылы аясында мектеп ұжымы Грэпплингтен ашық біріншілік ұйымдастырды. Байрақты бәсекеге облысымыздың аудандары мен Алматы, Қызылорда облыстарынан келген командалар да қатысты.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Биыл екінші мәрте өткен жарысқа 180-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты.  Боз кілем үстіндегі балуандардың барлығы да жарысқа тың дайындықпен келген. Шара барысында  аудан спортының дамуына талмай еңбек еткен жандар марапат алып, марқайды. Бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жеңіс тұғырына қол жеткізу оңай болған жоқ. Себебі, бұл спорт түрінің ережелері мен күресу әдістері ерекше. Жан Құлмұхамбет жарысқа Қызылорда облысынан келген. Күрес әдістерін жақсы  білетін жасөспірім ә дегеннен-ақ, қарсыластарын тізе бүктірді.

Жарыс қортындысы бойынша командалық есепте Шардара ауданы бірінші орынға ие болды. Ал, екінші орынға Шымкенттіктер лайық деп танылса, Сыр өңірінен келгендер үшінші орынды місе тұтты. Біріншілік жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен кубок табыс етілді.

 

 

Пікір жазу