Түркістанда жазғы демалыс лагерлері жұмысын бастады. Рухани шаһардан 200 бала тегін жолдама алып, әзірге оның 30 сауықтыру орындарына жайғастырылды. Онда балаларға арналған жеке шығармашылық орталығы жұмыс істейді.
Аяулым Қажығалиқызы оқуда озат, тәртібімен үлгілі оқушының бірі. Соның нәтижесінде демалыс лагеріне тегін жолдамаға ие болған.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Аяулым Қажығалиқызы – оқушы: Менің мұнда екінші рет келуім, мұнда өте қызық. Ойнаймыз, суға шомыламыз, көптеген достар таптым.
Балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагері 2001 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мұнда жазғы маусымда 900 бала қамтылады. Оның 200- ден астамы білім бөлімінің тарапынан тегін демалады.
Айнұр Жүсіпәлі — Аға тәрбиеші: Қазір 150 бала демалып жатыр. оның отызы тегін демалып жатыр. Оларға үздік оқығандар, жартылай жетім, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар.
Жазғы демалыс орындарында балаларға имандылық пен мәдениет тұрғысында дәрістер өткізіледі. Түрлі спорттық сайыстарда сынға түседі. Өйткені бүгінгі мақсат — бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыру.