Арыстағы жағдайға байланысты тиісті сала мамандарының қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Жиында Арыстағы әскери арсеналдың жағдайы мен тұрғындардың денсаулығына қатысты соңғы ақпараттар жарияланды.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі рГ.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Бұл жолғы баспасөз брифингіне ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Ермиян Биятов қатысты. Полковник айтуынша, Арыстағы жарылыстан кейін тазалау жұмыстары жоғары дәрежеде өткен. Қазір қалаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, таралған оқ дәрілер түгел жиналып алынған.
ЕРМИЯН БЯТОВ – «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құрметті Арыс аласының тұрғындары! Бәріміздің басымыздан сындарлы уақыт өтті. Күн санап Арыстың жағдайы жақсарып келеді. Айналасы бірер айдың ішінде толық қалыпқа түсеміз деген сенімдеміз. Даурығатын дәнеңе жоқ. Қазір қалаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оқ дәрілер түгел жинап алынған. Сондықтан, жайбарақат өмір сүруге негіз бар.
Жиында қаралған тағы бір мәселе Арыстағы төтенше жағдай кезінде жараланған тұрғындар жайы. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің баяндауынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Оларға тиісті медициналықұ және психологиялық көмек көрсетілуде. Жағдайы толық қалыпқа келсе, бірер уақытта жақындарының жанына оралмақ.
МАРАТ ПАШИМОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Арыс қаласының тұрғындары барлық медициналық көмекті уақытындаалып жатыр. Осы күнге дейін 2240 науқасқа ем көрсеттік. Қазір 18 пациент стационарлық жағдайда ем алып жатыр. Бірер аптада олар да босатылады. Арыстағы тұрғындардың жалпы жағдайы жақсы. Ешқандай шағым жоқ. Тиісті көмекті барынша аямаудамыз.
Арыстағы бүгінгі жағдайдан нақты ақпарат осындай. Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы жағдай толық реттелгенше тиісті сала мамандары мен қала әкімшілігі тарапынан күнделікті ақпарат беріліп отырады.