Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ӘР ШТАБТЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР БАҚЫЛАЙДЫ

ӘР ШТАБТЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР БАҚЫЛАЙДЫ

17 секторға бөлінген Арыстағы әр штабқа жергілікті тұрғындар тартылуда. Яғни, әрбір 10 үйден бір-бір белсенді адам тағайындалады. Билік пен бұқараның арасына дәнекер болатын олар — өз ортасына сыйлы, беделді болуы керек. Олар ерікті ретінде әр істің басы қасында жүреді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.Нахыпбектің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Тағайындалған азаматтар жөндеу жұмыстарын үйлестіруге  және гуманитарлық көмекті дұрыс үлестіруге де атсалысады. Мәселен, 6-секторға жауапты Созақ  ауданының штабы — әр 10 үйден сайланып шыққан 20  азаматты жиып, дәріс өткізді. Енді олар өздері бекітілген үйлерге барып, тұрғындарға берілетін 100 мың теңге мен  материалдық шығындарды төлеу тәртібін түсіндіреді. Бүгін аталған төлемді алу үшін құжат қабылдау басталып кетті.

БЕКЗАТ ӘЛМАҒАМБЕТ — СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Инструктаж жүргізіп, қолына қандай құдаттар қажет екенін беріп, көбейтіп, әр үйге бердік. Сол азаматтардан бүгін құжаттар қабылдаудамыз. Қазіргі таңда елу шақты адамның құжаты қабылданды.

 Апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді. Бұған дейін 44 781 адамға беріледі деген ақпарат тараған. Алайда облыс әкімі Арыс іргесіндегі ауылды аралап көріп, Ақдала, Ақжол, Дермене елдімекендері тұрғындарына да өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Ал аталған ауылдарда 10 мыңнан астам адам тұрады.

ЖОЛДЫМҰРАТ АМАНБАЕВ-  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлығы 55 839 адам боп тұр. 10 мыңнан санағанда 5 млрд 538 млн  900 мың теңге болады. 3 млрд республика бөледі. 1 млрд облыстық бюджеттен қалған 1 мрд 500 ді жиналған қордан төлейміз. Ол үшін не істейміз? Судың да сұрауы бар. Алдымен анықтап алуымыз керек. Шынымен сол адам сол жақта тұрады ма?

Арыстағы жағдай реттелгенше осы жүйе жұмыс істеп тұрады. Бұл өз кезегінде қандай да бір әділетсіздік пен жағымсыз жағдайлардың алдын алмақ.

 

Пікір жазу