Арыстықтарға салықтық каникул ұсынылады. Бұл туралы Арыс қаласында өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері хабарлады, деп жазады облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.Нахыпбектің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» Арыс қаласында 792 заңды тұлға, 3 085 жеке кәсіпкер және 65 465 жеке тұлға бар. Енді осы салық төлеушілерге салықты мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті Арыс қаласының салық төлеушілері үшін салықтық каникулдар ұсынады. Бұл Премьер-министрдің Арыс қаласы тіршілігін қалыпқа келтіру және төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі комиссиясында мәлім болды. Салықтар бойынша берешектері бар салық төлеушілерге салықтарды және төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту жұмыстары қысқа мерзімде және жеңіл тәртіппен жүргізіледі.Осындай салық төлеушілерге салықтық әкімшілік шаралар қолданылмайды. Салықтық берешекті өтеу туралы хабарламалар жіберілмейді. Салық төлеушілердің банк шоттары бойынша, шығыс операциялары тоқтатылмайтын болады. Бұл туралы бүгін