Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «БИЗНЕС БАСТАУ» — ХАЛЫҚҚА ТИІМДІ ЖОБА

«БИЗНЕС БАСТАУ» — ХАЛЫҚҚА ТИІМДІ ЖОБА

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бастау Бизнес» жобасы өз жұмысын бастаған болатын. Мақсат өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу.Халықтың әл-ауқатын жақсарту да негізгі міндеттің бірі. Бүгінде Мақтаарал ауданында аталмыш жобаның 3-лектегі тыңдаушылары оқуды аяқтап, бизнес жоспарларын қорғады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Мал шаруашылығымен айналысуды көздеген  Қарагөз Байсерікова «Бастау Бизнес» жобасын аяқтап жатыр. Оның жасаған бизнес жоспары, комиссия мүшелерінің көңілінен шығып, оң бағасын алды.

 Қарагөз Байсерікова —  жеке кәсіпкер: Мал шаруашылығымен айналысу үшін қыр-сырын зерттеп, білу керек. Мысалыға менің ұсынып жатқан соммам – 4 миллион теңгені ұсынып отырмын. 4 миллион теңгеге мен ірі қара мал алғым келеді.1 қара мал 250 мың теңгеден болғанда 16 қара мал келеді.

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы республиканың 80 ауданында жүргізіліп келеді. Бүгінде Мақтааралдан жеке кәсібін ашсам деген  120 түлек жоспар бойынша бітіріп шықты.

Асылбек Суханбердиев — Мақтаарал ауданы бойынша  «Бастау  Бизнес» жобасының бизнес-тренері: Бірінші легі оқытылды, екінші легі де оқытылды. Енді үшінші лекті тәмамдап жатырмыз. Соның ішінді түрлі-түрлі жобаларды ұсындық. Сол жобалар аясында қазірде үйлестіруші жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде қазір ауданда тапшы кәсіптер ашылып жатырдеп айтуға да болады.

Қазіргі таңда, «Бастау бизнес» жобасын бітірген  30 жоба қаржыландырылды. Одан бөлек 26 жобаға несие беру қарастырылуда. Екінші бағыт бойынша оқыған 29 тыңдаушыға әрқайсысы 505 000 теңге көліміндегі гранттар берілді.

 

 

Пікір жазу