Арыстағы ең көп тұрғын үйлер мен жеке секторлар орналасқан жер — бесінші бөлікте. Бұл аумақтың құрылысы Қарағанды облысына жүктелсе, тұрғындар мәселесін төлебиліктер реттеп отыр. Қазір сектордағы құрылыс қарқынды.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.Нахыпбектің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Қарағандыға берілген секторда 11 көпқабатты тұрғын үй бар. Барлығының дерлік терезесі шытынап, есіктері зақымдалған. Жағдайды бақылап, тиісті шешім шығарған мердігер компания барлығын түгел ауыстыруда. Сондай-ақ, секторға тиесілі жеке үйлердің шатырлары да кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан, сапалы құрылыс материалдарын пайдалану да маңызды. Мұны ескерген қарағандылықтар ағашты Шымкенттен, басқа материалдарды Қарағанды мен Алматыдан алдырып отыр.
Мейрам Ысқақов — Қарағанды облысының штаб өкілі: Бұл жерде 11 көпқабатты үй мен 72 жеке меншік үй орналасқан. Осы секторда 69 жеке меншік үй мен 11 көп пәтерлі үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақмарал Әлімбетованың жеке аумақтағы үйі де ос 5-секторға тиесілі. Азаматша салынғанына 1-2 жыл ғана толған жаңа үйінің жарылыстан кейінгі кейпі адам танымастай болғанын айтады. Құрылысшылардың жедел жұмысының арқасында баспанасы қалпына келіп қалыпты. Айналасы бірнеше күннің ішінде құрылысы толық аяқталып, бұрынғы қалпына келеді. Сапалы жұмыс істеп, шеберліктерін көрсеткен 5-сектор өкілдеріне отанасы разы.
Ақмарал Әлімбетова — Арыс қаласының тұрғыны: Рахмет, өте сапалы жылдамдықта. Барлық халықтың көңілінен шығу үшін біздің жағдайымызға, қас-қабағымызға қарап барынша тырысып жатқанына. Не айтсақ, соны орындап жатыр. Мен өзім ризамын.
5-сектордағы құрылысшылар қазір негізгі жұмыстарын аяқтады.Енді қайта қалпына келтірілетін үйдің аз бөлігі қалған. Ол да шілде айының соңына дейін бітеді, — деп күтілуде. Келесі айға жетпей тұрғындар қалыпқа келген, сапалы баспанасын қабылдап алмақ.