Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 93 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ

ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 93 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ

Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. Өмірзақ Шөкеев аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы сапарын алдымен Мыңбұлақ ауылдық округіндегі «Салюрбей Груп» ЖШС-нен бастады.

«Салюрбей Груп» ЖШС Бәйдібек ауданына қарасты 200 гектар аумаққа мақта еккен. Ақ алтын қол күшін қажет еткендіктен жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылған. Биыл ағын судан тапшылық жоқ. Сол себепті қожалық иесі әр гектарынан 40 центнерден өнім аламыз деп отыр.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Қоңырбай Исаев – агроном: -200 га мақтаны скважина жер асты суынан 158 метр қазып скважинадан суарып жатырмыз. Екінші суын суғарып біттік. Енді дәрі береміз.  Жобамыз гектарына 40 центнер өнім аламыз деген ойымыз бар.

Бұдан соң, облыс әкімі Ақбастау ауылдық округі «Қозыке»  өндірістік кооперативіне барды. 1992 жылы құрылған кооператив асыл тұқымды бұқалардың санын көбейтуде.  Ал  сиырларының саны бүгінде 250-ге жеткен. Сондай-ақ, кооперативтің егістік алқабында мақта, жоңышқа, күздік бидай егілген. Мұнда 18 адам тұрақты жұмыс істейді. Кейін Өмірзақ Естайұлы Боралдай ауылдық округі, Талап елді мекеніндегі «Tau Alma Bak» ЖШС-не де  аялдады. Қарқынды  алма бағы 45 га жерге орналасқан. Алқапта шабдалы мен алхоры ағаштары егілген. Айта кетейік, артта қалған 6 айда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі артып, өнім көлімі де едәуір өскен.

Нұрбек Бадырақов – Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы: -Бүгінгі күннің өзінде облыста 65 пайыз дән қамбаға құйылды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласында 6 айда  Бәйдібек ауданы бойынша 93 мың гектардан астам болса, облыс көлемінде 823 мың гектар аумаққа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың га артық. Бүгінгі таңға 127,4 мың га масақты дақылдар жиналып, 19,8 центнерден 252,5 мың тонна астық жиналған.

Бәйдібек ауданында атқарылған жұмыстарға қаныққан облыс басшысы аудан басшылығына суармалы жерлердің көлемін ұлғайтып, ет экспортын арттыра түсуді тапсырды.  Сондай-ақ, шаруаларға қажетті мемлекеттік қолдаулар мен жер телімдері кедергісіз қолжетімді болуын қадағалауды жүктеді.

 

Пікір жазу