Шомылу маусымы басталысымен елімізде суға қатысты қайғылы оқиғалар жиілей түседі. Ордабасы ауданында да ағымдағы жылы үш азамат суға кеткен. Оның үшеуі де кәмелет жасына толмағандар. Мамандар «Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі — ол азаматтардың қарапайым ережелерді сақтамауынан, білсе де қауіпсіздікті дөрекі бұзуынан» деп отыр. Осыған орай төтеншеліктер өңірлерде түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізуде.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау және оны болдырмау мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Түрлі алдын-алу іс-шаралары, қауіпсіздік ережелерін сақтау парақшалары осының айғағы. Аталмыш акция аясында аудандық төтеншеліктер тұрғындар арасында қауіпсіздік парақшасын таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Балаларға үрлемелі матрацтармен, камералармен, тақтайлармен және үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады. Өйткені, оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін. Балалардың да ең алдымен ішкі үрейі жағалаудан алыстауынан туындап жататын көрінеді.
Жомарт Қоспанов – Ордабасы аудандық ТЖБ бастығы: Жаз маусымындағы өзекті мәселе егін егу науқынындағы өрттің шығуы мен судағы қайғылы жағдайлар. Осыған орай біз ескерту, алдын-алу жұмыстарын күшейтіп отырмыз.