Еңбектің наны тәтті. Ордабасылық шаруалар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы бір ғана «ешкі сүт өнімдері» өндірістік кооперативіне 7 адам жұмысқа жолданған.
2017 жылы ақпан айында үш азаматтың бірігуінің нәтижесінде асыл тұқымды «ешкі сүт өнімдері» өндірістік кооперативі құрылған. Мақсат – ешкінің сүтін өндіру еді. Ол үшін Голландиядан ешкінің «занин» атты сүтті тұқымын арнайы алдыртқан. Кәсібінің табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие алған.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Мейірхан Әбенов — «Ешкі сүт өнімдері» өндірістік кооперативінің құрылтайшысы: -Ауылшаруашылық несие корпорациясы арқылы 5,5 пайызбен осы ешкілерді сауатын ТДМ компаниясынана Италиялан техника алдырдық.
Мұндағы ешкілер қол күшін қажет етпейді. Автомат арқылы бір мезетте 100-ге жуық ешкіні саууға мүмкіндік бар. Темірлан елдімекенінің тұрғыны Лаура Иманқұлова аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы осы кооперативке әлеуметтік жұмысқа тартылған 7 адамның бірі. Бүгінде ол сауыншы болып жұмыс істейді.
Лаура Иманқұлова – Ордабасы ауданының тұрғыны: -Мен осы Ордабасы сүт өнімінде істеймін. Істегеніме 2 жыл болды. Жақсы. Жалақымыз 68 мың теңге. Осы жерде даярка болып істеймін. Стендап: Рабиға Бақытжанқызы – тілші -Өндірістік кооперативке қарасты 800 ешкі бар. Оның 284 басы сауынды есептеледі. Екі мезгіл сауған сүттен күніне 600 литр сүт алынады. Одан сүт, қаймақ, айран, ірімшік, сыр, моцарелла сынды өнімдері алынады.
Ауданда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша атқарылған шаруалар аз емес. Ол үшін сала мамандары елдімекендерді аралап, «еңбек» бағдарламасын түсіндірген. Жыл соңына дейін 4181 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Бағдат Жақыпбеков – Ордабасы аудандық жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі: -Жыл соңына дейін жалпы 4181 адамды жұмыспен қамтуымыз қажет. Оның бүгінгі таңда 3898 яғни 63 пайызын қамтып қойдық. Жалақы әртүрлі. Мысалы жастар практикасы 63 мың. КСМ: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы тұрмысын түзеп, табысымды арттырамын деген кез-келген азаматқа қолжетімді. Ол үшін жұмыспен қамту орталықтарынан кеңес алуыңыз қажет.