Жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісі мықтап қолға алынды. Ол үшін Отырар ауданының тұрғындары жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына өз өтінімдерін берген.
Солардың бірі, Нұргүл Адибаева. Ол нарықта ең өтімді тауарды анықтай келе, құрылыс заттарын сатуды жөн санаған. Жыл санап, табысы артқан ол техника күші қажет екендігін түсінді. Жүк тасымалдайтын көлікті алу үшін шағын несие алған. Кредиттің пайыздық көрсеткіші төмен болғандықтан, оны қайтаруда қиындық болмайды деп сенеді. 5 жылдың ішінде кәсібімнің табысын арттырып алуға мол мүмкіндік деп сенеді. Алдағы уақытта жұмысшылар санын артыруды көздеп отыр.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Нұргүл Адибаева – Отырар ауданының тұрғыны: —2018 жылы ауыл шаруашылықтан 6 млн кредит алдым. Оған автокөлікті алдық. Оның мақсаты осы дүкендегі ауыр заттарды клиенттердің машинасына салып беру. Және оған жұмысшы алдым оның айлығын жақсы көлемде төлеп жатырмын. Жұмысты үлкейту мақсатында алған себебім сол.