Түркістан тек отандық өнімді қолдайды! Рухани қалада алғаш рет құрылысшылар форумы өтті. Мақсат, шаһардағы құрылыс жұмыстарына отандық тауарларды қолдану және құрылыс материалдарын өндірушілер арасында байланыс орнату.
Бүгінде елімізде шетелдің брендтеріне қызығып, киім-кешектен бастап, жиһаз, құрылыс материалдарын өзге елдерден алдыртып жатады. Алайда біздің елде де дәл сол тауарлар өндіріледі. Сапасында да ешқандай мін жоқ, әрі бағасы да қолжетімді. Осы орайда отандық өнімдердің деңгейін көтеріп, оны қолдауымыз аса қажет. Сондықтан, отандық өнімдерге қашан да маңыз бергеніміз жөн. Алдағы уақытта қарқын алған құрылыс жұмыстарына отандық өнімдерді молынан тарту үшін жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнатылмақ.
Берік Кенжебаев — Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: Түркістан облысыда жан-жақты құрылыс, сатып алу жүруде. BI Groupкомпаниясымен бірлесіп жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ден қойып отырмыз. Кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің тауарын алу керек. Кей құрылыс заттарын біз шетелден алып жатамыз. Тура сол жиһаз бізде де бар.