Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиынында Жолдаудағы бірінші бағыт бойынша Шымкент қаласы әкімдігіне азаматтардан келіп түскен әр өтініш және жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі қатаң бақылауға алынып, заң аясында нақты шешімін табуы керек екенін айтты. Сондай-ақ, қалада заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтардың тыныштығын бұзбайтын бейбіт акциялар өткізілетін орындар қайта қаралып бекітілетін болады.
Бұ л туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Президент Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл каражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалатын болады. Бұл бағыт бойынша ағымдағы жылы қалада Әл-Фараби, Еңбекші ауданындағы полиция басқармалары ғимаратында фронт-офистер ашылса, жылдың соңына дейін осындай фронт-офистер Абай және Қаратау аудандарында ашылатын болады.
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу қажеттігін айтты.
2018 жылы Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнім 2 трлн. теңгені құрап, 12 пайызға артқан. Осы жоғары деңгейдегі өсім қарқынын сақтап қалу мәселесі көтерілді. Осы жылы Индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында құны 38 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Фото: Серик Косаев