Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бизнестің қарқынды дамуына үлкен бастамалық ете тұра, шағын, әсіресе микробизнес елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі рөлінің маңыздылығын көрсетті.
Шымкент қаласында шағын және микробизнес жоғары дамуда. 2018 жылмен салыстырғанда биыл шағын және орта бизнес саны 58 мыңнан 66,4 мыңға дейін өскен, яғни ол 14 пайызды құрайды.
Республика бойынша Шымкент қаласы жеңіл өнеркәсіп (25,6%), фармацевтикалық өнім (40,6%), құрылыс материалдары (13,0%) мен мұнай өнімдерін (15,4%) өндіру бойынша көшбасшы позицияларында орын алған.
Негізгі капиталда инвестиция көлемі ағымдағы жылғы 1-ші жартыжылдықта 85,7 млрд теңгені, ал сауда көлемі 512,9 млрд теңгені құраған.
Жолдауда жарияланған Үкіметке шағын және микробизнесті 3 жылға табыс салығын төлеуден босату үшін заңнамалық базаны әзірлеу туралы тапсырмасы бизнес өкілдері тарапынан қолдау тауып отыр. Бұл өз кезегінде шағын және микробизнеспен айналысушы азаматтарға беріліп отырған үлкен қолдау екені анық.
Қала активі жиналысынан үзінді.