Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » КӨРМЕЙІН ДЕСЕМ, КӨЗІМ БАР…

КӨРМЕЙІН ДЕСЕМ, КӨЗІМ БАР…

тт

Бүкіл әлемді шарпыған дағдарыс Қазақстанды айналып өтпегендігі баршаға аян. Қалың қазақтың ішінде жұмыссыздар мен баспанасыздар күн санап артуда. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарымызға да лайықты қаражат қарастыра алмай жүрген кезімізде: «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық!» деп, миллиондаған қаржыны «той тойлап», оңды-солды шашып жүргенімізге жол болсын!..

Күні кеше Түркістанда үлкен айтыс ұйымдастырылды. Екі күнге созылған жыр додасының жеңімпаздары анықталып, бас бәйгеге 3 миллион, бірінші орынға – екі миллион, екінші орынға – бір-жарым миллион, үшінші орынға – бір миллион теңге бұйырды. Одан бөлек бірқатар айтыс ақындарына жарты миллионнан тиді. Бәрін қосып санасаңыз, он миллионнан асып кететін қомақты қаражат болып шығады. Бір іс-шара барысында осыншама қаражатты ысырапкершілікке салып жібергеніміз қаншалықты дұрыс?

Бұрындары өткізіліп жүрген кейбір айтыстарда жүлде қоры астыртын «бөліске» түсіп жататын. Бұл жолы олай деп ойлаудан аулақпын. Өйткені, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков те, облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов та – адал жандар, ондай әбес тірліктерге бармайды. Бірақ, Темірландағы шипажайды құрдымға жіберген Нармахан Бегалы мен бұрынғы қызметінде ауызша ескерту мен сөгіс алған Ханбибі Есенқарақызы мүшесі болып отырған қазылар алқасы әділ шешімін шығара алды ма, жоқ па? Менің бұған күмәнім бар…

Қалай болғанда да, он миллионнан астам қаражатты «желге ұшыра салған» дұрыс емес сияқты. Одан да оны жас отбасыларға жұмсаса, елге де, қара халыққа да пайдасы молдау болар еді.

Әсет Әссанди

Пікір жазу