Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Рухани астанадағы туризмді дамытуға түркістандық жастар да үлес қосады.
2020 — волонтерлар жылына орай, Түркістан облысы және қала әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық-музей басшылары меморандумға қол қойды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.

Бірлескен келісімнің нәтижесінде жастар мен еріктілерге туризм, музей ісі және мәдени-көпшілік шараларға қатысуға, гид ретінде танытуға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, семинар, лекция, форумдар, қайырымдылық акциялары мен кездесулерге ерікті түрде қатысып, аталған сала бойынша тегін оқыту курстарына қатыса алады.

Жастар, еріктілер — бұл сіздер үшін үлкен мүмкіндік! Былтырғы жылы қаламызға келген зияратшылар мен туристер саны 1 млн. 601 мың адам болса, оның ішінде алыс-жақын шетелден келгені 40 мың. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда келген туристер мен зияратшылар саны 106 мың адамға артып отыр. Халықаралық деңгейге көтерілуді мақсат еткен шаһардың маңызды туризм саласын жандандыруға үлес қосыңыздар! Жастар орталығының есігі және «Asar» еріктілер ұйымы сізді қабылдауға әзір!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу