Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САНАҒА СЕРПІЛІС ӘКЕЛЕТІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛА

САНАҒА СЕРПІЛІС ӘКЕЛЕТІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛА

Бүгін Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы брифинг өткізіп, брифингте Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Брифингке «Түркістан медиа холдинг» ЖШС «Рухани жаңғыру» бағдарламасының насихатталуын үйлестіруші менеджерлері Г.Серік пен Г.Қыпшақбаевалар қаладағы мекемелер мен бөлімдердің осы салаға жауапты мамандары және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.


А.Әлібек-Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы: «Қалада орын алған төтенше жағдай барысында еліміз елдігін танытып, «Арыс, Біз Біргеміз» ұранын ту етіп, республикамыздың барлық аймағынан келген он мыңнан аса құрылысшы шілде айындағы аптап ыстыққа қарамастан күндіз-түні еңбек етті. Арыс дамудың жаңа сатысына қадам басты. Қысқа уақыт аралығында 7000 мыңнан аса тұрғын үйлер жөнделіп, 500 жуық тұрғын үйлер жаңадан бой көтерді. Қалада заман талабына сай инфрақұрылымдар, жаңа шағынаудандар, жедел жәрдем стансасы, жарықшамдар мен скверлер, көшелермен қатар аяқжолдар салынды. Батырлар алаңы, І-ші теміржол вокзалы, спорт мектебі, орталық стадион күрделі жөндеуден өткізіліп, спорт алалаңшалары жаңадан салынып пайдалануға берілді. Қаладағы көптеген игі істер «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласы ауқымындағы «Атамекен», «Жомарт жүрек» кіші бағдарламысы аясында жүзеге асқандығына тоқталды.


Атап айтқанда: Меценат Б.Өтемұратовтың қоры 100 отбасыға тұрғын үй салып беру жобасының іске асуы, сондай-ақ 17 секторға бөлінген облыстардың үйі жарамсыз азаматтарға демеушілер есебінен тұрғын үйлер алып беруі, қаланың Бас Қақпасы республикалық Кәсіподақтар Федерациясының демеушілігімен салуы, 800 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері мен тұрмысқа қажетті заттардың қала халқына таратылуы Рухани жаңғыру бағдарламасының нақты көріністері болып табылады»-деп баяндаманы қорытындылады.
Жиын барысында сөз алған Гүлжан Серікқызы мен Гүлнұр Бейсенқызы облыс көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, Арыс қаласында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, мамандар мен БАҚ өкілдері тарапынан сауалдарға тұщымды жауаптар берді.

Пікір жазу