Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түркістан облысында 5000-нан астам ерікті 7 бағыт бойынша жұмыс істеуде

Түркістан облысында 5000-нан астам ерікті 7 бағыт бойынша жұмыс істеуде

Түркістан облысында 5000-нан астам ерікті 7 бағыт бойынша жұмыс істеуде. Еріктілер «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыты бойынша жұмыс істеуде. Рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына еріктілерді тарту бағытында құрылған «Асыл Мұра» жобасы да жүзеге асырылмақ.

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай «Асыл мұра» аясында «Әлемге құшақ ашқан — Түркістан», «Қазығұрттың басында кеме қалған», «Open Еnglish» секілді бірнеше жобалар бастау алғанын айтады. Барлық жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда екен. Алдағы уақытта еріктілер қатары 10000-ға көбеймек.

Сондай-ақ, облыстың аудан, қалалық жастар орталықтарының жетекшілігімен 1000-ға жуық мектепте волонтерлікті негіз еткен өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары жетілдіріліп, методологиялық көмек көрсетілетін болады. Ал еңбегімен ерекшеленген еріктілер жоғары марапаттарға ұсынылмақ.

Пікір жазу