Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен облыс әкімдігінің бастамасымен Шымкентте тұңғыш рет бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Көрме орталығында» өткен іс-шараны Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әли Көмекбаев ашып берді. Ол өз сөзінде осынау жәрмеңкенің өткізілуінің мақсаттарын ашып беріп, мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлерге сервистік memkyzmet.kz сайты туралы жан-жақты және толық мағлұмат берді.
Жәрмеңке барысында бірқатар облыстық басқармалар мен инспекциялар, Шымкент қаласы мен кей аудан әкімдіктері бос лауазымдарға ұсынылған түйіндемелерді қабылдап жатты.
Ә.Ә.