Тамыры тереңге тартқан 2000 жылдық тарихы бар Қарашық ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар, бұл он мыңнан аса тұрғыны бар Қарашық, Құмтиін, Қаратөбе ауылдары.
Аталған ауылдардың әжелер алқасының төрайымы Мукарам Кулжанова әжеміздің арнайы шақыруын қабыл алып, Кентау қаласына қарасты барлық қала және ауылдық округтердің әжелер алқасының төрайымдары Қарашық ауылдық округінде бүгін бас қосуына «Әже – ұлттық тәрбиенің ұлағатты бастауы» атты іс-шараға Кентау қалалық әжелер алқасының төрайымы Салтанат Атабек бастап келді.
Мақсаты ұмыт болған және бүгінде қолданыстан шыққан салт- дәстүрлерімізді жаңғыртып, қаймағын бұзбай жастарымызға, келер ұрпаққа жеткізу.
Кентаудың » ƏЖЕЛЕР АЛҚАСЫ» үздіксіз және жоспарлы түрде жұмысын жасағандықтан, еткен еңбектерінің нəтижесі бүкіл қалаға да,ауылға да аян.
Әжелердің білгеннен білеріміз де, үйренеріміз де және өскелең ұрпаққа үйретеріміз де көп. Бұл жөнінде Салтанат Атабекқызы да, Қарашық ауылдық округ әкімінің орынбасары Шәріпбеков Болысбек кеңінен жеткізді.
Шара барысында Әжелеріміз салт-дәстүрден көрініс көрсетіп, «Босаға майлау», «Қазан_шегелеу», «Сабаға ақ байлау» сияқты ұмыт болған салт дәстүрлерімізді жаңғыртты және сонымен келін түсіріп, беташардан сахналық қойылымдар көрсетіп, соңынан ақ әжелерге арнайы дастархан жайылды.
Жалпы, Тұңғыш Президент Н Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын үлгі өнеге боларлық іс-шаралар өз жалғасын табуда.
Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы, демекші ұмыт болған дәстүрлерімізді жаңғыртып, бүгінгі тұрмыста қолдануға қажетті салт дәстүрлерімізді насихаттайтын шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді деген ойдамыз.