Түркістан қаласы М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінде 2019-2020 жылғы мектепішілік жоспарға сай ақпанның 3-10 күндер аралығында тарих, география бірлестігінің «Мәңгілік ел, Ұлы дала тарихы – өткенге сабақ, келешекке өнеге» тақырыбы аясында онкүндігі болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – тарих, география сабақтарында тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының сапалы білім алуы үшін ойлау дағдыларын дамыта отырып танымдық қабілетін арттыру. Ашық сабақтар және оқушыға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар онкүндіктің басты бағыты болды.
Онкүндік барысында Ақжан Самуратова 6 «а» сыныбында «Ақ Орда мемлекеті», Гүлбану Баймаханова 10 «а» сыныбында «Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері», Жанат Жұмадуллаева 10 «ә» сыныбында «Қызық екен», Жанар Жолсейтова 5-9 сыныптарында Абайдың 175 жылдығына орай «Табиғат-сенің өз үйің» тақырыптарында ашық сабақтары өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс түрлері жүргізілді. Оқушылар бағалау кезінде өзін-өзі, өзара қалай бағалағанын айтып, еркін жауап берді.
Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңінен түсіндіре білген апталықтың оқушыларға берер өнегесі мен тәрбиесі мол болды. Апталықтың жабылуында белсенді мұғалімдер мен оқушылар марапатталды.
Гүлнұр ШОЙЫНБЕТОВА,
М. Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің тарих және география пән бірлестік жетекшісі.