Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІЗ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ СІЗДЕРГЕ АЙТАМЫЗ

БІЗ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ СІЗДЕРГЕ АЙТАМЫЗ

«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі». Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі бүгінгі ұрпақтың санасында нағыз Отансүйгіштіктің үлгісі болып отырған ардагеріміз Махал Полатбековтің шаңырағына Ордабасы ауданының ерікті жастары барып қайтты.

Отан үшін от кешіп, жанын құрбан еткен отандасымыз Махал Полатбеков 1924-жылғы 24-мамырда қазіргі Ордабасы ауданының Төрткүл ауылында туылған.
1942-1945 жылдары Қызыл Армия сапында абыроймен қызмет етіп, елге Ұлы Отан соғысы жеңісімен оралды және «Ленин», «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерлік еңбегі үшін», «Владимир Ильич Лениннің туылғанына 100 жыл толуы құрметіне», КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің бір алтын, екі күміс, бір қола, «Астанаға 10 жыл» және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің бірнеше мерекелік медалімен, үш мәрте «Бесжылдықтың озаты» төсбелгісімен марапатталды.
1944 жылғы 10-тамызда аудандық мәслихаттың II сессиясы шешімімен «Ордабасы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.


Ардагеріміз өмірлік тәжірибесінен естеліктер айтып, өткен күндерін еске алды. Қазіргі таңда қария 8 — ұл, 5 — қыз, 70 — немере, 105 — шөберелерінің қызықшылығын көруде.
Махал ақсақал қонақтарға жылы лебізін білдіріп ақжолтай батасын берді. Ауданның ерікті жастары өз тарапынан бейбіт күнді сыйлаған ерлігі үшін алғыс айтты.

Пікір жазу