Түкістан колледжінің студенттері облыстағы өндіріс орындарында іс-тәжірибеден өтуде.
Түркістан көпсалалы-техникалық колледждінің 2-3 курс «Аспаз» және «Фермер шаруашылығы» мамандығының студенттері колледжден алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе жүзінде шыңдауда.
Колледж студенттерінің практикалық жұмыстардан өтуге облыстағы өндіріс орындары мен сауықтыру орталықтарымен келісім шарт жасасып, жастардың сапалы іс-тәжірибеден өтуге жағдай жасалуда. Атап айтқанда «Балдаурен Шымкент» республикалық сауықтыру орталығы, «Біркөлік» сауықтыру кешені, «Тау жұлдызы» мейрамханасы, ЖШС «Балмұздақ, ЖШС» Фиркан», ЖШС «Пионер» кондитер фабрикасы т.б. өңіріміздің ірі өндіріс орындарында студенттеріміз іс-тәжірибеден өтуде.
Студенттердің іс-тәжірибе жұмыстарының сапалы өтуін қадағалау мақсатында бөлім меңгерушісі С.Бейсенов және «Аспаз» мамандығының өндірісте оқыту шебері А.Сандыбаев, С.Саманбаев , А.Асылбекова және «Фермер шаруашылығы» мамандығының өндірісте оқыту шебері Е.Сандыбаев өндіріс орындарын аралап, екі жақты тығыз қарым қатынас орнатуда.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Колледж ұстаздары өңірімізге қажетті білікті мамандарды даярлауда өз үлестерін қосуда.