Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ҚАСИЕТТІ ОРДАБАСЫНЫ КІМ БАСҚАРАДЫ?

ҚАСИЕТТІ ОРДАБАСЫНЫ КІМ БАСҚАРАДЫ?

Шымкент қаласының Құрметті азаматы, жазушы-жездем Серік Жанәбілмен жиірек жүздесеміз. Ол кісінің әңгімесі жақсы. Жездемді көрген сайын жүзім жарқырай түседі.

– Әу, Әсетжан, Ордабасыға кімді әкім қояйын деп жүрсің? – деп сұрады менен Секең.

Мен ешкімді ешқайда әкім қойғалы жүрген жоқпын, әрине. Жездемнің әңгімесі солай.

– Жездеке, апам қалай? Жақсы ма? Денсаулығы сыр беріп жүрген жоқ па?

– Ееее, апаңды жау ала ма, жездеңнің жағдайын сұра алдымен, – деп әзілдеп қояды.

Амандық сұрасып болған соң, жездем тағы:

– Ордабасыға жақсы бір басшы керек, – деп қалды.

– Киелі Оңтүстігімізде жақсы азаматтар аз емес қой, жездеке. Мәселен,  Бәйдібекті басқарған Танагөзов Бақытбек, Созақты басқарған Исаев Мақсат, Қазығұрт пен Шардараны басқарған Қыстауов Полат, бір емес, бірнеше ауданды, одан қалса Кентау қаласын басқарған Мақұлбаев Әбдібақыт, Сайрамды басқарған Мамаев Бақтияр, Сайрам ауданы әкімінің біраздан бері орынбасары Оразалиев Мадияр, облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Бадырақов Нұрбек, Түлкібаста – Тұрашбеков Нұрбол деген жігіттер бар. Қай-қайсысы да Ордабасы сияқты ауданды дөңгелетіп алып кетуге шамасы жетеді.

– Әсетжан-ау, бұл жігіттердің бәрі тәжірибелі, іскер азаматтар – ештеңе айта алмаймын. Бірақ, бұлардың бәрін Ордабасыға апарсақ, таласып қалады ғой. Карантин жағдайында бұл қалай болар екен?

– Оу, жездеке, ала келген сөзіңізді көлеңкелемей, қайта жұта салмай, шығарсаңызшы бері – әкесі өлгенді де естіртеді ғой! – деп жездемнің мақамына салдым.

– Онда тыңда! Ерлан деген баланы апарайық сол жерге – Айтахановты айтамын.

– Е, жоғ-е, жездеке. Ол інім мегаполис басқарған, деңгейі облыс әкімі немесе вице-премьер ғой!

– Жоқ, қазіргі жағдайда Ордабасыға сол бару керек! Абыройлы азаматсың ғой, Айтаханов Ерланның тілеуін тілеп, соның тағайындалғанын күтейік! – деді жездем.

– Жездеке, әпшемді бергенде, аудан әкімдігін қимаймын ба – айтқаныңыз болсын! – деп келісе салдым.

Екеуміз қол алысып тарастық…

© Әсет Әссанди,
Ордабасы ауданының Құрметті азаматы.

Пікір жазу