Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНУДА

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНУДА

Түркістан облысынрда «BIZBIRGEMIZ» акциясы аясында азық-түлік бағасы тұрақтануда, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Аз қамтылған отбасыларды қолдау және ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында Келес ауданы орталығы Абай ауылындағы «ӘУЕС» ЖШС-інің базары маңынан «Әлеуметтік дүкен» ашылып, 1 қап ұн бағасы 6500 теңгеден, 1 келі картоп 80 теңгеден және пияз 95 теңгеден сатылуда.

Игі іс «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылуда. Төтенше жағдайға байланысты қолға алынған республикалық «BIZBIRGEMIZ»акциясы жергілікті кәсіпкерлер тарапынан халыққа көмек көрсетуде де қолдау тапты.

«ӘУЕС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініңдемеушілігімен ауданда аз қамтылған аса мұқтаж 75 отбасына 1 қап ұннан беріліп, 1000 дана тегін бетперделер таратылды.

Айта кету керек, елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, «BizBirgemiz» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының үйлесімді жұмысының арқасында демеушілердің есебінен аудандағы 300-ден астам көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік, ұн және 6000-нан астам тегін бетперделер үлестіріліп, қайырымдылық көмек көрсетілген.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу