Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘСІПКЕР 2 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ДЕМЕУШІЛІГІН КӨРСЕТТІ

КӘСІПКЕР 2 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ДЕМЕУШІЛІГІН КӨРСЕТТІ

Қазіргі төтенше жаңдай кезінде еліміздің көптеген кәсіпкерлер азаматтық танытып, қайырымдылық жасауда.  Олар, аз қамтамасыз етілген және басқа да көмекті қажет ететін отбасыларына қаржылай және қажетті азық-түлікті жеткізіп, белсенділік танытуда.

Түркістан облысы Сайрам ауданында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, кәсіпкер Сихымбай Уалиханұлы «Біз біргеміз!» акциясы аясында 2 млн. теңге қаржы бөліп, қайырымдылық танытты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Сайрам аудандық мәслихатының депутаты акция барысында жалғызілікті қарттар мен аса қамқорлықты қажет ететін азаматтарға тұрмысқа қажетті заттар және азық-түлік пен ет өнімдерін жеткізді. Яғни осылайша бір күнде 70 отбасыға көмек берілді.


Өз кезегінде кәсіпкер Сихымбай Уалиханұлы «Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте елге көмектесуді азаматтық әрі перзенттік парызым деп білемін. Елбасы өз үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Біз бірігіп, бұл қиындықты жеңіп шығамыз», — дей келе, әріптестерін игі бастаманы қолдауға шақырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу