Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖОЛ – КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

ЖОЛ – КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Ағымдағы жылдың үш айында Түлкібас ауданныда орын алған жол-көлік оқиғаларына талдау жасар болсақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау мен сақтауда айтарлықтай олқылықтардың орын алып отырғанын көреміз. Өткен үш айда 22 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қайтыс болды. 40 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.

Республикалық маңызы бар күре жолда 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қайтыс болса, 26 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Ал, елді-мекендерде орын алған 3 жол-көлік оқиғасынан 3 адам жарақаттанды. Облыстық маңызы бар жолдарда 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам қаза болса, 4 адам әр түрлі дене жарақаттарын алды. Осы жол-көлік оқиғаларының себеп-салдарына сараптама жасасақ, 13-і автокөліктердің соқтығысуынан болып, 2 адам қайтыс болып, 32 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. 6-ы оқиға жаяу жүргіншіні қағумен орын алып, бір адам қайтыс болды. 5 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Екі жол-көлік оқиғасы жүргізушімен жылдамдықты асыру мен автокөлігін игере алмай қалудан орын алды. Бұл жол-көлік оқиғаларының орын алған түрлері. Ал, себептеріне тоқталсақ, жылдамдықты шектен тыс асыру, маневрді дұрыс жасамау, жол белгілері талаптарын қадағаламау, жол қиылысында өту кезектілігін сақтамау, жол қозғалысында арақашықтықты сақтамау, қарсы бағытқа шығып кету, бағдаршам тиым салған түсіне тоқтамай өту, сондай-ақ мал иелерінің жол қауіпсіздігі ережесін елемеу салдары қайғылы жол-көлік оқиғаларына себеп болуда. Жол-көлік оқиғасына себепші болып, оқиға орыннан қашып кету үлкен қылмыс. Мұндай бір оқиға орын алды.
Қоғамдық көліктің қатысуымен 1-жол-көлік оқиғасы орын алып, 1-адам қайтыс болып, 6-адам дене жарақаттарын алған. Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың қатысуымен 6-жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде 9-жасөспірім дене жарақаттарын алған. Оның ішінде жасөспірім балаларды қағып кетудің 4 дерегі орын алып, 3-бала әртүрлі дене жарақаттарын алса, ал 1-бала ауруханаға жетпей жолда қайтыс болды. Балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауы олардың ата-аналарының немқұрайлылығы мен жауапсыздығы, ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы мен балалардың жолда жүру қағидаларын жетік білмеуі мен ереже талаптарын сақтамауы салдары. Жалпы жол –көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі- жылдамдықты асыру және қарама-қарсы жол бөлігіне шығудан. Яғни, жылдамдықты асыру салдарынан 8 жол-көлік оқиғасы орын алып, 1-адам қаза тауып, 10-адам жарақаттанса, қарама-қарсы жол бөлігіне шығу салдарынан орын алған жол-көлік оқиғалары -7, нәтижесінде 2-адам қаза болып, 17-адам дене жарақаттарын алған. «Жол қателікті кешірмейді» -деген нақыл сөзді ұмытпай, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтаған абзал.

Ә.ҚАРАҚҰЛОВ, Түлкібас АПБ-нің ӘПБ ЖжТИТ аға мемлекеттік инспекторы, полиция майоры.

Пікір жазу