Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУДА

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУДА

Түркістан облысы, Ордбасы ауданында көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде, деп жазады Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде орналасқан «Ақ Орда» ЖШС –нің директоры Бекбосын Бахытжан Балтабайұлы 2019 жылдан бастап жылына 2 рет бақша, картоп дақылдарын егуді қолға алған болатын. 2019 жылы ерте көктемде Голландиялық «Ривьера» картобын 40 га жерге егіп, 240 центнерден өнім жинады. Қарамағында 100 адамды жалдамалы түрде жұмыспен қамтып отыр. Биыл диханшы 33 гектар суармалы жерге картоп егіп – 1300 тонна ерте көктемгі картоп бірінші өнімін алып, екінші өнімге баклажан және капуста егу жоспарда.
Сонымен қатар, Бахытжан Балтабайұлы 100 гектар жерге бидай өнімін егуде, алдағы уақытта бидайдан жоспармен 1800 тонна өнім алатыны айтып өтті.


Егістік жерлерді тиімді пайдалану екі өнім алу бағытында жоспарға сәйкес, аудан бойынша жалпы 90 шаруашылықтың игеруі тиіс — 171,9 гектар егістік алқаптың нақты — 189,5 гектарға шаруашылықтардың 1 дақылдары орналастырылды.
Көктемгі дала жұмыстары Ордабасы ауданында биыл жылдағыдан кешеуілдеп басталды. Елімізде ғана емес дүние жүзіндегі орын алған төтенше жағдайға байланысты және қолайсыз ауа-райы шаруаларға қолбайлау емес. Қазіргі уақытта қырда егін егу қарқын алуда.
Жеріңді баптай білсең – астықты қаптай білесің демекші Ордабасы ауданының диқандары да бұл іске қызу кірісіп, көктемнің бір күнін жылға азық ету жолында бар күшін салып еңбектенуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу