Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

Түркістан облысы бас санитарының қаулысына сәйкес, бүкіл облыс аумағы карантиндік режимге көшті. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар ел арасында дауыс күшейткіш құралдармен де халыққа хабарлама берілді. Дегенмен бүгінде тұрғындар карантин режимін сақтап жатыр ма? Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығы Абай ауылындағы көтерме бағада жұмыс істейтін сауда дүңгіршектеріне барып, сауда орнының тіршілігімен танысты. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Сауда орындарында тұрғындар көп, карантин талаптары орындалмауда. Кезекте тұрған тұрғындардың мекен-жайын сұрасаң аудан орталығының тұрғындары емес. Бұл Абай ауылындағы кемшіліктің туу себебі аудан көлемінде қойылған бақылау бекетінің адам өткізудегі кемшілігі екені көрініп тұр. Мәселені көрген аудан басшысы дүкен иелеріне жолығып, азық-түлік заттарын жекелей сатуға шектеу қойды. Тек қана рұқсат қағазы бар аудандағы жеке кәсіпкер, яғни дүкені бар азаматтарға көтерме сауда жасауын айтты. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің бастығына бетпердесіз жүрген, мақсатсыз көшеге шыққан азаматтарға заң аясында шара көруін тапсырды.

Ал бақылау бекетінде тұрған мамандарға тиісті шарасын көрілетіндігі айтылды. «Қазір карантин уақыты. Режимді бұзғандарға қатаң шара көріледі. Мұны біз еріккенімізден немесе ойымыздан шығарып жасап жатқан жоқпыз. Барлығы сіздердің денсаулықтарыңыздың қауіпсіздігі үшін. Міне көріп отсыздар, айналамыздағы аудандарда қауіпті індетке шалдыққан азаматтар күн санап артып келуде. Бізде тіркелмеді. Тіркелмесін деп тілеймін. Сол қауіпті індетті біз үйде отырып, жеке бастың гигиенасын сақтау арқылы жеңеміз. Ал азық-түліксіз қалудан шошымаңыздар. Барлық аудан тұрғындарына көмек береміз» — деді Ақментай Есбаев. Қазірде аудан орталығы рейдтік шаралар нәтижесінде реттеліп, адам шоғыры азайды. Карантин режимін сақтау бойынша аудан көлемінде рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Ол бойынша 15 мобильді топ құрылып, жұмыс жүргізілуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу