Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘСІПКЕР ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ 200 ҚАП ҰН ТАРАТТЫ

КӘСІПКЕР ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ 200 ҚАП ҰН ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке кәсіпкер жерлестеріне 200 қап ұн таратты, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Жетісай ауданында «BizBirgemiz» акциясы аясында жеке кәсіпкер аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға 200 қап ұн таратып берді.
Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә. Оспанов ауылының тумасы карантин мезгілінде қиындыққа тап болған жерлестеріне осылайша қолдау білдіруді жөн санапты. Өз есебінен таратылған ұнның 100 қабын Жетісай қаласындағы, ал 100 қабын Қазыбек би ауылындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестіріп берді.

«Осындай қиын-қыстау кезеңде жерлестеріме көмек беруді азаматтық парызым деп есептеймін. Сол себепті осындай қайырымдылық шарасына үлесімді қосып отырмын. Ең бастысы- еліміз аман-есен осы қиындықты еңсерсе екен деген ниетім бар»,- дейді атымтай жомарт.
Жалпы Жетісай ауданында қазіргі таңға дейін демушілер есебінен аз қамтылған отбасыларға 10 миллионнан астам қаржының көмегі көрсетілген.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу