Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 80 МЫҢ АЗАМАТҚА ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

80 МЫҢ АЗАМАТҚА ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысында 1414 Call-орталығының мамандары мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіп келеді. Статистика бойынша төтенше жағдай жарияланғалы облыста 80576 азаматқа онлайн түрде көмек берілген. Оның 51450-іне телефон қоңырау арқылы қызмет көрсетілсе, қалғанына бейнебайланыс арқылы түсіндірілген.

Жалпы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ құрған Call-орталықтарда 2366 маман қызмет көрсетеді. Оның 128-і Түркістан облысындағы 1414 біріңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтуға жұмылдырылған. Олардың 68-і үйден ұялы телефоны арқылы кеңес берсе, 60 қызметкер бейнеқоңырау арқылы қызмет көрсетеді. Төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкендіктен қазіргі таңда мамандар өз үйлерінде отырып тұрғындардан түскен сауалдарға жауап беруде, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Солардың бірі Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық ХҚКО қызметкерлері ерлі зайыпты Барлыбаевтар. Олар қашықтықтан жұмыс істеу қызмет сапасына ешқандай кері әсері болмағанын айтады.

«Күніне 150-200 қоңырау түседі. Сұрақтардың басым көпшілігі мемлекет тарапынан бөлініп жатқан 42500 теңге көмек, мемлекеттік қызметтерді үйде алу үшін мобильдік азаматтар базасына тіркелуі және электронды цифрлы қолтаңбаларды алу жолдарын сұрайды. Кей кездері мемлекеттік қызметтерде қатысы жоқ сұрақтарды қоятындар, дөрекілік танытатындарда, қызметтерін алып алғысын айтатындарда хабарласады. Қолымыздан келгенше арасында отбасымызғада көңіл бөлуге тырысамыз», –деді Мұрат Барлыбаев.
Айта кетейік, жалпы елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу қарқындап келеді. Оған дәлел ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 1414 байланыс орталығына қоңырау шалатындар санының еселеп артқанын айтуға болады. Мәселен, бұрындары орталыққа күніне 500-600 мың азамат қоңырау шалатын болса, қазір бұл көрсеткіш 1,5 млн-ға жеткен.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу