Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАЗДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

ЖАЗДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан спортының дамуында өзіндік үлесі бар Түркістан облысының спорт саласы жаңаша сипатта дамуда. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірімізде əлемдік аренаға алып шығар бірқатар спорт кешендері мен халықаралық талаптарға сай стадион салынуда. Бұл туралы Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 

«Самұрық Қазына»ұлттық əл-ауқат қорының демеушілігімен бой түзеп жатқан бұл стадион еліміздегі ірі кешендердің бірі болмақ. Қазіргі елде болып жатқан жағдайға байланысты Түркістанда салынып жатқан спорт кешендерінің құрылыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Осыған орай, Түркістан облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев əлемдік талаптарға сай бой түзеп жатқан стадион мен спорт сарайының құрылыс жұмыстарымен жан-жақты танысып қайтты.

Мердігер компанияның өкілдерімен кездескен облыс спортының басшысы П.Қырықбаев заманауи үлгіде салынып жатқан спорт сарайы мен стадион құрылыстарының сапалы жүргізілуіне мəн беріп, алдағы шілде айында ел игілігіне беру көзделген спорт нысандарын аралады.

Айта өтерлігі, стадион ішінде 7 спорт залы жұмыс істейтін болады. Ал, əлемдегі теңдессіз бассейндердің біріне баланатын ашық су бассейні де ел игілігіне берілетін болады.Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі жарыстар мен мəдени іс-шаралар өткізетін спорт сарайы да облыс спортының көркеюіне ықпал жасамақ.

Облыс спортының жетекшісі Полат Қырықбаевтың айтуынша, шілде айында түркістандық саңлақтарымыздың пайдалануына берілетін стадион мен спорт сарайы өңіріміздің дене шынықтыру жəне спорт саласының дамуына серпін беріп, спортшы жастарымыздың ғаламат жетістіктерге жетіп,тəуелсіз еліміздің көк Байрағын жеңістерде желбіреуіне жол ашатын болады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу