Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауыл округінде аналық мал басы 7896-ға жетіп отыр. Аудан ет-сүт өнімдерімен өзін-өзі толық қамтып отыр. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бүгін Сайрам Ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент ауыл округіндегі «О.Құрбанов» өндірістік коопреативіне барып, ондағы мал шаруашылығының жай -күйін білді.
Мұнда қазір 200 бас ірі қара мал бар. Оның 85-і сауын сиыр. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 71 тонна сүт өндірілді. Ал тәулігіне 750-850 кг өнім өндірілуде.
Өндірістік кооперативте, жалпы, 85 жұмысшы болса, оның 17-сі мал шаруасында.
Мал шаруашылығынан бөлек, аталған кооперативке тиесілі 630 гектар жердің 550 гектарына астық, қалған жер теліміне арпа егілген. Жұмысшылардың басым бөлігі де осы егістік алқабында.
Қазіргі таңда, Манкент ауыл округі бойынша 50 бастан асатын сауын сиыры бар 5 сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, 5-15 бас сауын сиыры бар 35-тен аса шағын фермерлер бар.
© DIDARBEK.kz